Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төрлет, төрлет Наурыз!

«Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

 

Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала   орындардықтырына  жайғасып отырады.

 

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

 

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

 

Ән «Наурыз тойы»

 

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

 

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

 

ҚЫДЫР   АТА:  Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

 

Наурыз Әже:

 

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

 

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Болашақ» бөбекжайында   үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

 

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ. (Ортаға барып отырады)

Балалардың  тақпақтартары

Айгерім : Уа, ағайын халайық,

                Мұнда назар салайық!

                Мерекесі халықтын

               Наурыз тойы бастайық!

Аслан : Жыл басы – Наурыз мереке,

             Ақ нұрға әлем боянды.

             Наурыз тойы береке

             Тіршілік жаңа оянды!

Қуаныш: Наурыз келдi елiме,

              Наурыз келдi жерiме.

              Байлық, бақыт тiлеймiн,

              Бүкiл қазақ елiне.

Есмағазам   Аяулым: Жылдың басы Наурыз,

                                   Жердің басы Наурыз.

                                  Мерекеге арналсын

                                 Бүгінгі жыр- әніміз.

Қанат  Аяулым: Наурыз тойым, Наурыз тойым.

                            Құтты болсың халайық! 

                           Қане, достар, қане, достар,

                             Шырқап әнге салайық.

Султан: Көктем келді, балақай,

               Жасарды жер, алақай.

              Наурыз тойын тойлайық,

                Әсем әнге салайық.

Айлана: Наурыз тойы — тамаша,

                Наурыз тойы — жаңаша.

                Табиғат та тамаша,

               Тамылжып тұр жараса.

Назым: Наурыз келді сан құрып

             Жасарып жаңғырып

             Құлпырды жер мен көк

             Мейрім таң күліп.

Қаусария : Наурыз тойы — салтанат,

                  Наурыз тойы — мархабат.

                  Әр жүректен ән тарап,

                 Шаттанады шартарап.

Жоламан: Наурыз – бұл мереке

                  Құтты болсын береке

                  Қыдыр ата келсін

                 Жақсы тілек әкелсін.

 

Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда солай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

 

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Наурыз келді, салтымыз

«Көгерсін»деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

 

Би:  «Домбыра»  биін   тамашалаңыздар .

 

Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу»  бір қыз қашады оны бір  ұл  бала қуады. Ұл бала  қызға жетсе  бетінен сүйеді .Ал  жетпеген жағдайда  қыз ұлды  қамшымен   арқасынан ұрады.

     «Түсау  кесу»  салт  дәстұрі   туралы    ата-аналар     ішінен әжеміз   көрсетіп  айтып  береді.

Би: «Шашу»

Ойын : Қол күрес

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Жүргізуші:Осымен  біздің  «Төрлет ,төрлет наурыз  !» аты  ертеңгілігіміз аяқталды.Наурыз тойы  құтты  болсын! Келесі  кездескенше  сау  болыңыздар!

Жаңартылған күні: 18.03.2022 08:27
Құрылған күні: 18.03.2022 08:27

Текст