Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Жаңа жыл қош келдің!

Тақырыбы:«Жаңа жыл қош келдің»

Жүргізуші : :  Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар

                          Басталады жаңа жылдық шыршамыз

                          Әнде бар, би де бар асығыңдар

                          Көтеріңдер көңілді құр тұрмаңыз

                          Басталады жаңа жылдық шыршамыз

                          Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыз,

                           Өнеріне тәнті боп тамсаныңыз!

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді

«Карнавал»  биі

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы, жылда Жаңа жылға бізге

қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Балалар:  Аяз ата, Аяз ата!

(Алқынып , жүгіріп қоян келеді)

Қоян;  құтқарыңдар мені құтқарыңдар!!! Мені  қасқыр қуып келе жатыр.Көмектесіңдер көмектесіңдер! Балалар мені жасырыңдар ,жасырыңдар мені қасқыр қуып келе жатыр.

(балалар қоянды шыршаның артына жасырып, үстін қармен жауып қояды. Артынша түлкі кіріп келеді.

Түлкі ; сәлеметсіңдер ме балалар! Не болып жатыр. Қоянның жылаған дауысын естіп қалдым .

(Қардың астында дірілдеп жатқан қоянды байқан қалады)

Түлкі;  Әй қоян неғып жатсың мұнда, неге сонша қорқасың!

Қоян; Түлкі  мені жасыр мен құрыдым, құрыдым.  Мен оны қақпанға түсіп қалды екен деп, оны мазақтап кетіп ем.

Түлкі : не деп мазақтап жүрсің

Қоян; ей, қасқыр! сен мені қорқақ дейсің. Мен сенен қорықпаймын деп  басын тас пен бір ұрған едім. Сөйтсем  ол ұйықтап жатыр екен. Мен оны  қақпанға түсіп қалған екен деп қалдым.

Түлкі: Ей сен де қатырады екенсің. Кел мына шыршаның артына жасырайын сені.

(түлкі қоянды шаршаның артына жасырады. Айғайлап, қасқыр кіріп келеді)

Қасқыр ; ауу, ауу  ей түлкі сен ешкімді көрмедің бе?

Түлкі: Жоқ қасеке жоқ.

Қасқыр: балалар сендер ше ешкім келмеді ме бұл жерге. Шындарыңды айтыңдар . Аппақ тауық көрмедіңдер ме?

Балалар : жоқ көрмедік

 Түлкі : тауық? Тауығы несі, қасеке неге ашулысыз,

Қасқыр: мен шырт ұйқыда ұйықтап жатыр едім, басым дың ете қалды. Басым айналып, көзім қарауытып кетті . Қарасам  бір ақ тауық жүгіріп бара жатыр екен.

Түлкі : ха,ха, ха ол қандай ақ тауық. Ол орманда не істеп жүр адасып жүрген болар.

Қасқыр:жоқ түлкі ол менің басымды шоқып кеткен сияқты. Басым ай басым ай

(түлкі шыршаның артындағы қоянға сыбырлайды)

Түлкі ;әй қоян шық бері. Қорықпа ол сені тауық екен деп қалған. Қартайған ау шамасы. Көзі де дұрыс көрмей қалыпты.

(қоян дірілдеген дауысымен қорқып тұрады)

Қоян: амансыз ба қасеке сізге не болды.

Қасқыр: менің басымды бір ақ тауық шоқып кетті. Басым ауырып тұр.

Қоян: қасеке сіз саспаңыз  мен ол тауықты көрдім.  Таудың ар жағына жүгіріп кетті. Біз ол тауықты табамыз, Солай ғой я, түлкішек

(түлкі құлағына сыбырлайды)

Түлкі; әй, қоян сенің бойыңда тек қорқақтық ғана бар ма десем. Сен де өтірікті судай ағызады екенсң ғой, ха ха ха

Қоян:  қорқаққа да жан керек қой. Мына қасқырдың көңілін ауламасақ. Мен екенімді біліп қойса екеумізді де құртады ғой.

Түлкі :я, әй қоян өзің бірдеме ойлап тап. Қазір мына қасқыр ашуланбай тұрғанда. Тауықты табыңдар десе екеміз де құримыз

(қасқыр ашуланып кетеді)

Қасқыр: әй, екеуің немене сыбыр, сыбыр етесіңдер а!? Тауықты табыңдар !!!

Қоян: Балалар бір амалын табуға көмек көрсетіңдерші. Мен екенімді білсе мені  құртады.(қоян жылайды)

Түлкі : балалар көмектесіңдерші қоян екемізді қасқыр жеп қоймай тұрмағанда бір амалын табыңдар.

Жүргізуші: қорықпаңдар біздің балалардың дайындаған билері бар соны тамашалайды.

«Қасқыр қоян»  биі»

ән «Жаңа жыл»

Түлкі; қасеке басыңыз қалай ауырғаны басылды ма

Қасқыр : Я, менің басым ауырыппа еді? Ой басымның ауырғанын да  ұмытып та кетіппін ғой. балалар недеген тамаша әндері қандай, билері қандай керемет. Көңілім бір көтеріліп қалды. Түлкі , қоян жүріңдер мен сендерді үйге қонаққа шақырамын. Жүріңдер! Аууу, а уу

Түлкі;  сау болыңдар балалар!

(қасқыр мен түлкі шығып кетеді. Қоян балаларға қарап сыбырлап сөйлейді)

Қоян: ой, балалар сендер бізге көмектестіңдер. Сендер болмағанда мені қасқыр жеп қояр еді. Мерекені жақсы тойлатыңдар.  Қасқырды менің ұрғанымды ешкімге айтпаңдар жарай ма. Сол сендерге орманнан аяз атаны жіберемін . аяз атаны көргілерің  келе ме?

Балалар : Иә

Қоян : жақсы мен сенедерге Аяз  атаны жіберемін

(қоян шығып кетеді)

Жүргізуші : балалардың жаңа жылға арналған жыр шумақтары:

1-бала :

2-бала:

3-бала

4-бала

Жүргізуші : балалар Аяз атаны келіп қалған сияқты . Қошеметпен қарсы алайық

(Балалар аяз атаны шақырады, борандатып аяз ата мен ақшақар әндетіп  келеді)                             

 

Аяз ата

Армысыңдар, балаларым!                                                                                                                  Армысың, уа халайық                                                                        Сәлеметсіңдер ме, балаларым!                                                                       Аман есенсіңдер ме, қарақтарым!

                                        Қандай жарқын жүздерің

                                         Қандай әсем көздерің

                                         Алып келдім сіздерге

                                        Жаңа жылдың жылуын.

                                        Аппақ қылдым даланы

                                        Аппақ қылдым қаланы

                                         Көңілге кірбің түспесін

                                         Таудай болсын талабың

 

Ақшақар:                     Армысыңдар балалар,

                                          Қандай жарқын жүздерің,

                                          Қандай ғажап жырларың! 

                                          Бойларың да өсіпті,

                                          Ойларың да өсіпті,

                                          Келгенде-ақ байқағам!

                                          Өздеріңе қараймын да

                                          Көңілім толып, шаттанам

Аяз ата:я, ақшақар дұрыс айтасың. Балалар   былтырғыдан өзгеріп, өсіп кетіпсіңдер гой!

Ақшақар : бізді асыға күттіңдер ме балалар ?

Балалар ; я

Жүргізуші : аяз ата алыстан келдіңіздер: қош келдіздер Аяз ата, Ақшақар бүгін жаңа жылды ерекше етіп тойлайтын боламыз. Сіздер балалармен бірге  жаңа жылды көңілді қарсы алатын боламыз.

Ақшақар : балалар шыршаларың да жанбапты. Қанекей ортаға келіңдер барлығымыз әдемі сиқырлы сқзімізді үш рет айтсақ  шыршамыз жанатын болады.

 Бір екі үш, шырша шамы ұш                                                                                                                                Бір екі үш, шырша шамы ұш                                                                                                                               Бір екі үш, шырша шамы ұш

Аяз ата: қане балалар көңіл көтеріңдер.

Би « ?»

Ән  «? »

Ойын « Көңілді отырыс» (Аяз ата ойнатады)

Тақпақтар :

 

Би «?»

Ән «?»

Ойын :  «Сылдырмақты тап»  (Аяз атамен ойнайды)

Қалып қалған ән билеріңді қосасыздар

Аяз ата: Балаларым, біздің кететін уақытымыз болды. Рахмет сендерге. Көңілденіп қалдым. Ән де айттық, ойнадық, биледік.

Жүргізуші:  Аяз ата, Ақша қар сіздер біздің балалардың өнерін тамашаладыңыздар, бірақ, балалар сыйлықты ұзақ күтті ғой, сыйлықты бермедіңіз ғой.

 

Аяз ата: Ой,Ой,Ой сыйлықты ұмытыппын ғой..... Қазір қазір.....

Музыкамен  сыйлықтарды алып Барыс келеді:  /сахна жақтан/

Барыс : сәлеметсіңдерме балалар, Аяз ата.  Мен жаңа жыл барыс жылымын, сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап келдім, сендермен жыл бойы біргемін.

 Жүргізуші: Қош келдіңіз жаңа жыл. Төрімізге шық, бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.

Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол жаңа жыл.Сау болыңдар, балалар!Көңілді той тойлаңдар! Рахмет сендерге балалар сендермен көңіліміз көтеріліп қалды,енді біздің кететін уақытымыз келді, келесі кездескенше сау болындар!

Жүргізуші:     Рахмет сізге, Аяз ата! Жаңа жылда алдағы

                         Көңіл өсіп, көркейсін! Қуаныштар  көп болып,

                         Жақсылықтар көбейсін! Сау болыңдар!

                          Бәріміз ортаға шығып, көңілді би билейік!

 

Жаңартылған күні: 29.12.2023 16:25
Құрылған күні: 29.12.2023 16:25

Текст