Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Жасыл шырша- жанында

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу

Жүргізуші:  

         Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер,келе жатқан жаңа жыл 2024 жыл,яғни ұлу жылы баршаңызға құтты болсын! Жаңа жыл бізге құт-береке,қуаныш,жақсылықтар сыйласын!Отбасымызға амандық,саулық әкелсін!

                      Келді міне жаңа жыл сәуле шашып

                      Құлпырады табиғат нұры тасып.

                      Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

                      Шашу шашып би билеп ән салайық

(музыка қосылады Сайқымазақ шыр айналып кіреді)
Сайқымазақ:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сайқымазақ: Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! 

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
          Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

 (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Келді міне,жаңа жыл!»

Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды

                   Шырша шамы жағылды

                   Жаңа жылдың құрметіне

                   Ақ тілектер ағылсын!

 

Ортаға балабақша меңгерушісі   Бейсембаева Өрік Қабатайқызын шақырамыз.

Ойын: Сайқымазақ ойнатады. Қар тасу.(Шарты: Ата-аналар мен балалар ,екі топқа бөлініп аяқпен қар тасиды,қай топ бірінші аяқтайды сол жеңімпаз.)

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар.Шыршамыздың шамын жақтық енді, айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфилімін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар:иә

1 бала: Аяз ата келмей ме?

             Бізге сыйлық бермей ме?

2 бала: Әрине, ата келеді

             Бізге көп сыйлық береді.

Жүргізуші: Аю сен асықпа бірге Аяз атаны қарсы алайық.

Аю: жақсы

Осы кезде музыка әуенімен билей басып мыстан кемпір келеді.

Мыстан:

            Аяз ата мұнда келмейді,

            Сендерге сыйлық бермейді.

Балалар: Қалайша?

Мыстан: Аяз аталарың адасып кетіпті,

                 Сендерді таба алмай

                 Үйіне қайтып жетіпті.

Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?

Мыстан: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық      береді.Бұл мыстанның кезекті бір қулығы болар.Ол үшін біз мыстанның  ізіне түсуіміз керек,аяз атаны табуға кім көмектеседі.(Сайқымазақ пен аю көмекке келеді)

Екеуі: Жарайды,  біз кеттік. (мыстанның соңына түседі)

            Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

Жүргізуші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың сықырын естідіңдер ме?

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық

                   Бәріміз бірге дауыстап

                   Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады. 

Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,

                Амансың ба, қыздарым

                Қандай әсем жүздерің

                Қандай мөлдір көздерің

                Керемет бір ән тыңдап,

                Келіп тұр-ау демалғым

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Ән «Аққала» хор

 

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық    

                толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,

                жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

 

Осы кезде мыстанның соңынан кеткен сайқымазақ пен аю мыстанды алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.

 

Аяз ата: Ә, енді  есіме түсті, қу мыстан . Жолда бізді алдап     

                қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Бұл сыйлықты балаларға арнайы алғанбыз.Мыстандыкы дұрыс па?

Балалар: Жоқ.

Мыстан: Қулық-сұмдықты жоямын

                Өнерге ден қоямын

                Аяз атам мені кешірсе

                Сыйлығына тоямын.

Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді  көрсет.

 Мыстан: Достарым менің келіңдер,

                   Бірге билеп көріңдер

Би: бәрі бірге билейді.

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен.

Аяз ата:Керемет би, жарайсыңдар!

Ақшақар: Ойын ойнатады «Қар лақтыру»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп  қарды  шелекке лақтырады.Кім көп қар жинайды.

Би: Аяз атамен

Ойын: Шаршаны безендір.

Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық

                   Аяз атаға арнаған

                   Тақпақтарымызды айтайық.

     Балалар кезекпен тақпақтарын айтады.

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!
(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді) 

Жүргізуші: Жаңа жыл – әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Ал, құрметті қонақтар! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көпрахмет!
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!

 

Жаңартылған күні: 27.12.2023 17:27
Құрылған күні: 27.12.2023 17:29

Текст