Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Жол ережелері

02.02.2024

Тақырыбы: «Жол ережелері»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.

Жүргізуші
Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, бүгін «Ақ желкен»ортаңғы топ балаларының арасында жолда жүру ережесін сақтау, ойын сауық кешімізді бастаймыз. Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана,
Жолда сақ бол лайық.

Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?
Балалар хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.
Жүргізуші: Жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында доп қуалайтыны, жүріп бара жатырған машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады. Ережені дұрыс сақтамағандықтан да ауыр жарақат алып жатады. Сондықтанда балалар жол ережесін үнемі есімізден шығармауымыз керек.
Бүгінде жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
      Жолды реттейтін ол бағдаршам . Өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшіміз оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

 Жүргізуші: Балалар біз осы жол ережесін білеміз бе?

Айтыңдаршы, балалар!

Балалар. Ия

Жүргізуші: Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.

Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.

( кеуделеріне белгі ілген балалар  ортаға шығады)).

Бағдаршам:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Міндеттеу белгісі

Міндеттеу белгісі қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі

Нұсқау, көрсеткіш белгісі қолында көк түсті төртбұрыш қалқан.

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тыйым салу белгісі
Тыйым салу белгісі форма киген, қолын жолақпен көмкерілген, сары түске  боялған дөңгелек қалқан.

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Көрсеткіш белгісі:

Жол созылмақ қаншаға

Қайда асхана,монша бар

Қонақ үй бар қай жерде

Қайда музей,қай көрме

Көрсетемін саған дәл

Не көрсетсем,соған бар!

Ескерту белгісі:

Қызыл шеңбер ішінде
 Үшбұрыш боп тұрамын
 Қателеспес үшін де,
  Көз сал маған, шырағым!
  Құрар үйде сауықты,
   Жолдан аман келсе адам-
 Жолда күткен қауіпті
 Ескертемін мен оған.    
Анықтама

Түнде, күндіз, кеште де
Жөн сілтеймін жолға сай-
 Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.
  Ой-шұңқырды алдағы,
 Қалай өту керегін,
 Жылдамдықты, ал, кәне,

Анық айтып берейін!
 

Ендеше, мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын тауып көріңдер.

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    

Балалар:Бағдаршам

Қызықтыру сәті:  (әдемі көңілді  әуенге бағдаршам келеді).  Балалар амандасады.

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам ойын ойнатады:  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.

Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

   Өміріңді күзеткен, 
   Ысқырықпен түзеткен.      Жол сақшысы

(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жол сақшысы:

 Армысыңдар жас достарым!  Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп  «Сұрақ-жауап»  ойынын сендерге алып келдім.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

 келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар
Жүргізуші: Балаларды шеңберге тұрғызып, балалар мен сендермен бүгін ерекше сабақ өткізгім келіп отыр, сабақты бірақ ойын түрінде бастаймыз.

Ойын? Дұрыс па? Бұрыс па?

  1. Машинада неше дөңгелек бар?
  2. Бағдаршамның неше көзі бар?
  3. Қандай?
  4. Жолда ойнауға бола ма?
  5. Машинаның қасында ойнау қауіпсіз бе?
  6. Спорт алаңында ойнауға бола ма?
  7. Қай жерде ойнауға болмайды?
  8. Не үшін?

Жүргізуші: Жарайсыңдар  балалар өз орындарымызға отырамыз.

№1 Ойын: “Бағдаршам”

Жүргізуші:   Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін

Қызыл түс- тұрасыңдар

Сары түс- Шапалақ ұрасыңдар

Жасыл түс- бір орында жүресіңдер

Ән: Бағдаршам
1.     Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол  лайық,
Жас ұлан деген  атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн  сөнбесін,
Аспаннан бұлт  төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап

 

Жүргізуші:     Балалар, жолда ойнауға болма ма?

Жүргізуші:  Неге ?  Енді қайда ойнаймын?

Жүргізуші:     Балалар қайда ойнауға болады?

Балалар: Спорт алаңында балаларға арналған алаңдарда, және балабақша ауласында.

 

№5 Ойын Бағдаршамның көздерін орналастыру

№ 4 Ойын

«Қимылды ойын»

Шарты: Екі топқа бөлініп бағдаршамның түстерін доп арқылы сәйкестендіру керек.

Жүргізуші: Қорапты ашып тарату.

Жүргізуші: Балалар енді тәттілеріңді алып өз тобымызға барып алайық. Рахмет сендерге балалар менде қуаныштымын. Сендер жарты жылда біраз білім алыпсыңдар.

 

Просмотров: 752


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст