Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар

04.01.2020

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, Денсаулық, Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту, Дене шынықтыру, Музыка.

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу. Ойын арқылы   балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт- дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.

Міндеті: Балаларды ұлттық салт-дәстүрге баулу, балаларды жылдамдыққа баулу.

Сөздік жұмыс: Ата, әже, бүркітші, қыз қуу, соқыртеке т.б.

Билингвалдық компонент: Көктем-весна, народные игры-ұлттық ойындар

Көрнекіліктер: Суреттер

Инклюзивті әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жеке жұмыс.

Қызмет бөлімдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Жанұя қатысуы

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері!

Бәріміз енді тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы,жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз!

Балалар шаттық шеңберін жасады

 

Іздену ұйымдасты-рушы

-Балалар сендер қай Республикада тұрасыңдар?

 

-Балалар сендердің ұлттарың кім?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің неше айы бар?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы?

 

 

-Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Сабина:

Қар еріді, су ақты

Күндер туды шуақты

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты

Әсел:

Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада орманда

Құстар әні төгілді.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар көктем мезгілінің табиғаты тамаша, саяхатқа барғыларың келеді ме?

Олай болса балалар ата, әжеміздің ауылына қонаққа барайық. «Ата, әже ауылына қонаққа бару»

Сәлемдесу.

Ата, әже:

-Балалар сендер қайдан келе жатырсыңдар?

-Балабақшада қандай ойындар ойнайсыңдар?

 

-Балалар сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме?

Ата: Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, заттармен ойналатын ойындар. Олай болса сендердің ұлттық ойындарыңды тамашалайын.

-Балалар сендер әдептілік туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

 

 

1.Ойын: «Бүркітші»

 

Шарты: Екі баланы шығарып тақтайшаның үстіндегі тақияны аузымен тістеп алу керек.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар сендер қандай жұмбақ білесіңдер?

 

 

 

2.Ойын: «Соқыртеке»

Шарты: Ойыншының көзі байланып, жанындағы адамды тауып алу керек.

-Ал тағы кім жұмбақ біледі?

 

 

 

 

 

 

3. Ойын: «Қыз қуу»

Шарты: Атпен қызды қуып жету.

-Балалар сендер қандай тыйым сөздер білесіңдер?

 

 

4.Ойын: «Арқан тартыс»

Шарты: Екі топқа бөлініп арқан тартады.

Ата, әже: Балалар тағы қандай өнерлерің бар?

Би: «Қаражорға»

Ата, әжемен қоштасу.

 

-Қазақстан Республикасы

 

-Қазақ

 

-Көктем

 

-Үш ай бар

 

-күн жылынады, талдар бүршік атады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә, барғымыз келеді

 

 

 

 

 

 

 

-Балабақшадан

 

-Әртүрлі ойындар ойнаймыз

 

 

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә білеміз

Аслан:

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала.

 

 

 

 

 

 

 

Аяла:

Арыстан ақырады

Орман жарқырайды

-Найзағай

 

 

 

 

Айткүл:

Мінсең желдей жүйткиді

Көңілің таудай өседі

Алып ұшар алысқа

«Ер қанаты» деседі

-Ат

 

 

 

 

 

 

Данил:

Малды теппе,ақты төкпе

 

 

 

 

 

Балалар би билейді

Ата, әжемен қоштасады

 

 

Рефлексивті түзету

Саяхаттан қайту.

-Балалар біз қайда бардық?

 

-Кімдерді көрдік?

-Қандай ойындар ойнадық?

-Балалар сендерге саяхат қызықты болды ма?

Балаларды мақтап мадақтау.

-Жарайсыңдар балалар!

 

-Ата мен әжеге қонаққа бардық

-Ата мен әжені

-Ұлттық ойындар

 

-Иә

 

 

 Күтілетін нәтижелер:

Не білді? Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білді.

Не алды? Сұрақтарға жауап бере алды.

Не істей алды? Ұлттық ойындарды ойнай алды.

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст