Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!»
Мақсаттары:
1. Білімділік: Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой - қиялдарын дамыту.
2. Дамытушылық: жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт.
Сөздік жұмыс: Мамандық - профессия
Көрнекіліктер: тақырыптың суреттері, мамандық иелерінің құралдары , ойынға қажетті заттар мен суреттер,трубочка ,фонарик , сиқырлы қорап.
Балалар шеңберге тұрып, «Күн» атты шаттық шеңберін жасап, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Тәрбиеші:
-Балалар, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Ауа - райы қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Сол қарды кім күрейді бізге жол ашып береді?
-Дұрыс таптыңдар, ол балабақша ауласын жинаушысы .
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.
Барлық мамандар өмірде өте қажет екен. Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер? (Балалардың жауаптары)
- Балалар біреу есік қағатын сияқты?
(Почташы келеді де хат пен қорап әкеледі)
Почташы бізге хат пен қорапша алып келіпті ғой.
Почташы беріп кеткен хат бойынша жұмбақ жасырайын:
Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі.
(Мұғалім)
- Енді келесі жұмбақты жасырайын:
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
Тағы жұмбақ:
Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді.
(Тігінші)
- Ал балалар соңғы жұмбақ:
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
Қораптың ішінде тағы не бар екенің көрейікші.
Дидактикалық ойын: « Мамандық иесің тауып ал»
Шарты :бір бала шығып қалаған мамандықтың іс-қимылын көрсетеді ал қалған балалар сол мамандықтың иесің тауып атау керек.Дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.
Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
Сергіту сәті.
- Рахмет. Олай болса біз де бойымызды сергітіп дәрігер –массажист болып,бір-бірімізге массаж жасайық.(балалар шеңбер бойымен отырып бір-бірінің арқасына массаж істейді)
Дидактикалық ойын: «Пішіннің жолын тап» «Мамандық иелері үйдің нешінші қабатында тұрады?»
Шарты:бала пішіндер бар текшені жерге тастап түскен пішіннің жолымен жүріп өтуі тиіс және де конвертте фонариктің жарығы арқылы жасырынған мамандық иесің тауып құралдар арқылы нешінші қабатта тұратының айтуы тиіс .
Тәрбиеші:
- Балалар сендер көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстыңдар. Енді өздерің де өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кез келді.
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
-Балалар осындай мамандық иесі болу үшін білімді, тәрбиелі болып ер жетуіміз керек.
Тыныс алу жаттығуы:
-Енді балалар ,бізге аспазшы пицца беріп жіберіпті бірақ ол ыстық екен не істейміз ?Дұрыс айтасыңдар , әрине ұрлеп суытамыз.(балалар трубочка арқылы пиццаны суытады)
Қорытынды: «Дұрыс пе әлде бұрыс пе ?»дидактикалық ойыны.
1) Дүкенші балаларды емдейді (балалар аяқтармен топылдатады )
2 ) Аспазшы ас әзірлейді (балалар шапалақтайды
3)Дәрігер өртті сөндіреді (аяқтармен топылдатады)
4)Суретші сурет салады (балалар шапалақтайды )
5)Құрылысшы балаларға би үйретеді (аяқтармен топылдатады)
6)Ұстаз балаларға әріптер үйретеді (балалар шапалақтайды )
Балаларды мақтап - мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:сандарды және де пішіндерді білуі керек.
Болу керек: Әр түрлі мамандық иелері туралы мағлұматы болуы керек.
Істей білу керек: «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап бере білуі керек .