Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка
Тақырыбы: Ұлттық музыкалық аспаптар.
Мақсаты: Балаларды ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру.
Ұлттық аспаптарды дыбыстары,пішіндері арқылы бір-бірінен ажырата білуге
үйрету,ойнау тәсілдерімен таныстыру.Ұлттық би қимылдарын үйреніп,жаттығу.
Көрнекілігі: Ұлттық музыкалық аспаптардың суреті,слайдтар.
Әдіс-тәсілі:Дидактикалық ойындар, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Әуенді сәлемдесу; -Сәлеметсіңдер ме,- - до,ре, ми, фа, соль,соль.
Шаттық шеңбері: Сәлем,сәлем, алтын күн, Сәлем,сәлем көк аспан, Сәлем,сәлем достарым, Сәлем,сәлем қонақтар. Дауыс жаттығу: -Жоғарыға шығамыз, -Төмен қарай түсеміз. -До,ре,ми, фа,соль,ля,соль, Соль фа, ми, ре,до,до.
|
Сәлеметсіз бе. Соль,фа, ми,- ре, до.
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.
Бірге қайталап жаттығады.
.
|
Ұйымдастырушылық- ізденушілік |
Ән тыңдау: «Ата толғау» Н.Тілендиев. Балалар,әуенді тыңдап,қай жанрға жататынын анықтаймыз. Дұрыс бұл,ұлттық оркестрдің орынын- дауындағы «Ата толғау» күйі. Енді оркестр құрамында қандай ұлттық аспаптардың үнін естідіңдер; Дұрыс,домбыра мен қобыздың үнін ажыратыпсыңдар,енді ұлттық аспаптар мен танысуды бастаймыз. Балалар жұмбақ шешіп көрейік: -Ұзын мойын,екі шек, Шанағы бар, Мойынын буған қаз қатар, Бунағы бар. Шектерді қозғағанда саусақпенен,
Күй төгілер күмбірлеп шанағынан. Балалар,жұмбақта қандай ұлттық аспап жасырылған; Дұрыс-домбыра аспабы. Домбыра-қазақ халқының ежелгі ұлттық аспабы,көп пернелі,қос шекті,шертіп,қағып ойнайтын аспап. Домбырада әндер,күйлер,жыр-толғаулар орындауға болады. Енді домбыраның үнін тыңдаймыз; Қобыз-қос шекті,шанағы үлкен,көне музыкалық аспап.Халық арасындағы аңыздарға қарағанда,қобыздың пайда болуы,8 ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыт бабаның есімімен тығыз Байланысты.Қобызда перне болмайды, шектерді ысқышпен ысу арқылы дыбыс шығады.Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Енді дыбысын тыңдап крейік; Жетіген – жеті шекті,саусақпен іліп, Шертіп ойнайтын көне аспап. Бұрауы жоқ,сондықтан құлақ күйін, Жеті асықты ілгері-кейін жылжытып отырып келтіреді.Енді тыңдаймыз; Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Сыбызғы қурайдан,ағаштан жасалады. Бармақтың басымен басып үн шығара- тын 5-6 ойығы болады.Үні самал желдей майда жұмсақ аспап.Енді дыбысын тыңдап көрейік. Міне балалар,біз бүгін ұлттық музыка Аспаптарымен таныстық.Алдағы уақыт- та басқа да аспаптармен танысуды жалғастырамыз. Әуенді-ырғақты би қимылдары: Балалар біз бүгін,қазақтың ұлттық - «Қамажай» биі әуенінің ырғағымен би қимылдарын орындап жаттығамыз. -Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік, Қолымызға киейік, Бәріміз бірге билейік. 1.Екі қолды алға созып,алақанды буында ішкі жаққа айналдыру. 2.Екі қолды жоғары созып,алақанды буында ішкі жаққа айналдыру. 3.Оң қолды жоғары,сол қолды кеуде+//-- тұста ұстап алақанды,буында ішке қарай айналдыру. 4.Сол қолды жоғары, оң қолды кеуде тұста ұстап,алақанды буын бойымен ішке қарай айналдыру. Ырғақ өлшемі: 4 – 4. Музыкалық- дидактикалық ойын: «Аспаптарды ажырата білу» Ойын шарты: Балалар аспаптың үнін тыңдап, қандай аспап екенін ажыратып, берілген суреттерден тауып,ойнау тәсілін қол қимылымен көрсетеді. Домбыраны-қағып. Қобызды-ысып. Жетігенді – шертіп. Сыбызғыда – үрлеп көрсетеді. Қорытынды: Балалардан бүгінгі өткен «Ұлттық музыкалық аспаптар» туралы түсініктерін сұрап білу. Қорытынды сұрақтар: -Домбырада неше шек бар. - Қобызда тиек бола ма; - Жетігенде перне бола ма; -Сыбызғы қандай аспап; /соқпалы, үрмелі,шекті./ Балаларды мадақтап, қорытындылау. Сабақты аяқтау
|
Тыңдап, жанрын ажыратады.
Аспаптардын үнін ажыратуға тырысады.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Тыңдайды.
Тыңдайды.
Тыңдайды.
Тыңдау.
Жетекшімен бірге орындалады.
Аспаптың үнін тыңдайды, ажырату, ойын тәсілін көрсетеді.
Жауап береді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
. |
|