Топ: «Ақ желкен»
Тақырыбы: «Қош келдің,Әз Наурыз!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой өрісін танымын, еліне,жеріне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан –Наурыз.
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Балалар бізге Ұлыстың Ұлы күні ақ батасын, шашуын алып келетін кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Тәрбиеші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер,төрлетіңіздер! Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің «Ақ желкен » тобында наурыз тойы болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)
Тәрбиеші: Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз Әже: Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін.
Тәрбиеші:Балалар енді сендермен наурыз тойына дайындалған әнімізді айтайық.
Ән: «Наурыз!»
Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Балалар наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде аналарымыз,әжелеріміз үнемі наурыз көже пісіреді. Ал, енді мен наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін. Наурыз көжеге 7 түрлі тағам түрін қосып дайындайды: сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз қосады. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады.
Тақпақтар:
Анель:
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын.
Бүгінгі жыр – әніміз.
Вадим:
Наурыз пришел к нам в дом,
Поселил веселье в нем,
Накормил нас от души,
До чего же мы хороши!
Дінмұхаммед:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Елизавета:
Наурыз пришел в дома,
Значит кончилась зима!
Угостим мы всех гостей,
Хватит ведь на всех сластей!
Нұрәлі:
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Алина:
Наурыз-это праздник веселья,
Наурыз-это праздник весны!
Наурыз-это праздник цветенья,
Наурыз-это праздник любви.
Айзада:
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Маргарита:
Есть праздник Наурыз
Новый год восточный
Пробуждается природа
Начинается жизнь новая.
Адели:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Бахтияр:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Хадиша:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Тәрбиеші:Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.Ендеше кішкентай қызымыздың тұсауын кесу құрметін Наурыз әжемізге ұсынамыз. Балаларымызға ата салтымызды, халық дәстүрін көрсетейік, тамашаласын.
«Тұсау кесу» рәсімі жасалады.
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Құтты болсын қадамың
Наурыз әже тұсау кеседі,Қыдыр ата бата береді.
Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Тәрбиеші: Ендеше, осы мерекемізге би шашуларын ала келген аруларымыздың биін тамашалайық.
Қызғалдақтай қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін ортада.
Би «Шашу» (қыздар билейді )
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Ендігі кезекте біздің ұлдарымыздың биі, тамашалаңыздар!
Би: «Бозжорға» (ұлдар қамшымен)
Ойын: «Қол күрес»
Жүргізуші: Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңа көп рахмет.