Ақмола облысы Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылы
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы»
Ашық сабақ .
Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережелері »
Тәрбиеші:Жармуханбетова Б.С.
2021жыл
Білім беру саласы:Әлеуметтік .
Ұ.О.Қ.: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережелері»
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру,қауіпті заттармен ,қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер,ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).
Сөздік жұмыс: қауіпсіздік.
Билингвальді компонент: ине –иголка ,балға –молоток ,балта -топор.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрады. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Ғажайып сәті. Қонаққа Дімбілмес келеді. Дімбілмес: Менің атым-Дімбілмес. Мен балабақшаның жанынан өтіп бара жатып , дорбам ауыр болғандықтан , балабақшаның ішіне кіріп демалып алайын деп ойладым .Дорбамның іші толған заттар .Әйтеуір бос болмасын деп толтырып алғаным ғой. Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе ,Дімбілмес .Ең бірінші қайда келсен де амандасуға ұмытпа.Дорбанда қандай заттар бар екенін қарап алсам болады мекен?Түсінікті.Дімбілмес сен дорбадағы заттарды көрсетпе балаларға ,мен оларға жұмбақ жасырайын .Қызықты болады ғой.Бірақ жұмбақтар жасыру үшін жұмбақтар әлеміне бару керек кой. Дімбілмес: -Сәлеметсіндер ме.Әрине қызықты болсын .Бірақ мен сол заттардың атауларын да білмеймін. Тәрбиеші:Жұмбақтар әлеміне баруға түра келді .Балала,Дімбілмес менде сиқырлы бір кілемше бар сонымен ұшсақ қалай қарайсындар? (Сиқырлы кілемшенің үстіне тұрып ұшады) Тәрбиеші жұмбақтар жасырады. Жұмбақтар. 1.Екі басы дөнгелек, Екі ұшы сүйір, Қиғанға үйір.(қайшы) 2.Қисықты ұрып түзетемін, Шегені да ұрып түзетемін (балға) 3.Шылбырды сүйрейді, Жыртықты түйрейді.(ине ) 4.Тоққа тисе ұзын мұрты, Табанымен жазық, Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып .(Үтік) 5.Аппақ ұзын қозғалмай, Жатыр сулап , Сол нәрсе қолға түссе Кетер турап.(пышақ) 6.Танауынан Су да шығады, Бу да шығады.(Шәйнек) 7.Еденді кеп жаласа, Қалдырмас ол түгінде. Тазалуы тамаша, Кілем мен алаша . Жайнайды қараса (шаңсорғыш) 8.Жалпақ желке сопақ беті. Орманымды отап кетті .(балта)
Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережелері» «Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді. -Балабақшада қандай қауіпсіздік ережелді сақтау керек ? Әр уақытта әртүрлі жағдайлардың болуы мүмкін. Бүгін біз, Сәуле деген қыздың үйінде жалғыз қалғаны кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін біле ме екен көрейік.Сол үшін біз «Жағдаят» аты еліне ұшып баруымыз керек .
Жағдаят.(фото слайд)
Мен үйдемін» - Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады. Үйде жалғыз қалған Сәуле шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде. -Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?
-Кішкентай Сәуле сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді. -Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай Сәуле есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі. - Бұл қандай сөз болуы мүмкін?
-Кішкентай Сәуле анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің көйлегін үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда, тағы да анасының айтқаны есіне түседі. -Анасы не айтуы мүмкін? Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай Сәуле үйіне бөтен адамның келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын айтады. Анасы оны мақтап, «Жарайсың, қызым»дейді Тәрбиеші: -Жарайсыңдар ,балалар! Қауіпсіздік ережелерді естеріне тұсірдіңдер . Енді балалар біз « Сергіту сәті» Атты еліне ұшып баратын да уақыт келді.
Сергіту сәті .(Бейнеролик) Балалар шаршаған боларсында ,сергіту сәтін жасайық.
Дидактикалық ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар» Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажырату. ( қауіпті затты қызыл қарындашпен қоршау, қауіпсіз затты жасыл қарындашпен) Дидактикалық ойын : «Сынарын тап» Мақсаты : балалар әр қауіпті заттың сынарын тауып орнына койып шығу керек.
«Ертегілер елііне» саяхатқа барамыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кейіпкерлерді тап» дидактикалық ойыны: - Мен сендерге қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңдерші. 1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ)
Билингвальды компонент Ине-иголка ,балға-молоток,топор-балта. «Жақсы-жаман» ойыны. Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айтады. (Тәрбиеші балаларға қағаздан қиылған бір гүл береді.ал бала ол гүлді суға салғанда гүл ашылып ортасында құрал-сайманның суреті болады)
Тәрбиеші :Дімбілмес енді заттардың атауларын және олардың адамға қауіп келтіретіндерін мүмкін екенін білдін бе ? Дімбілмес:Әрине ,бәрін түсіндім .Енді мен білмейтін заттарды дорбама салмаймын .Рақмет сендерде . |
-Әрине .
Балалар жұмбақтардың шешуге тырысады.
-
-Қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды,себебі тайып құлауын мүмкін. -Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды,қақалып қалуын мүмкін -Қол еңбегімен айналысқанда, қайшыны ұқыпты пайдалану керек. -Биік орындыққа,шкафқа ,терезенің еркеуіне шығуға болмайды. (т.б.)
Балалар мұқият тыңдап ,жауап беруге тырысады. Ережелерді естеріне түсіреді.
Сергіту сәтін жасайды.
( қауіпті затты қызыл қарындашпен қоршау, қауіпсіз затты жасыл қарындашпен)
-«Бауырсақ» . -«Қасқыр мен жеті лақ». -«Қызыл телпек»
Балалар құрал-саймаңдардың не үшін, қалай пайдалынатынын түсіндіреді. Құрал-саймаңдардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады. -Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Қолды ұрып алғанда жаман. -Балта жақсы, онымен отын жарады. Балта жаман, оқыста қолыңды шауып алуың мүмкін. -Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені жарақаттайды. -Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң, қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін. -Сіріңке жақсы, онымен оттұтамыз, жаман-өрт шығуы мүмкін. -Құрал-саймандарды ұқыпты пайдалану керек |
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Тәрбиеші балалардан «Сақтықта-қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, қандай тақырыпта әңгімелескендерін сұрайды. |
Балалардың жауабтары . |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын;
Түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін;
Қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.