Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Ақ желкен" ересек тобы "Бауырсақ" ертегісі математика әлемінде қонақта

10.11.2021

Күні : 10.11.2021ж

Тәрбиеші: Хасенова А.У

 «Ақ желкен» ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері.

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі математика әлемінде қонақта»

 Мақсаты: Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау. 1-10-ға дейінгі сандарды тура, кері санауды біледі, пішіндерден әр түрлі бейнелер құрастыра алады. Топтасып тапсырманы орындау арқылы бір-бірімен тату- дос болу керектігін түсінеді.Топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасауды біледі. Құрал-жабдықтар: Воскобовичтің көгілдір орманы, Ларчик кілемшесі, Воскобович сыйқырлы шаршысы, ертегі кейіпкерлері

 

 

 

1.Мотивациялық-қозғаушылық.

 

Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым.

Арайлап атқан күнге

Сәлеметсіздер ме,

Құрметті қонақтар.

Балаларды шардың түсі арқылы 2-топқа бөліп, отырғызамыз.

-Балалар, сендер қандай ертегілерді жақсы көресіңдер?

-Иә, көптеген ертегілерді біледі екенсіңдер. Ендеше мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешуін кім табады екен:

Жұмсақ, сары, домалақ,

Әжем өзі пісірген, бұл не?

Балалар шеңберге тұрып, тақпақты қайталайды.

 

 

Кеуделеріне жапсырылған шардың түсіне қарай орындарына отырады.

-«Мақта қыз», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Шұбар тауық», «Шалқан» т.б.

 

 

-Бауырсақ.

 

Ұйымдастырушылық-іздестірушілік.

 

Олай болса біз бүгін оқу қызметімізді «Бауырсақ» ертегісімен бастаймыз. Воскобовичтің көгілдір орманын пайдаланып, ертегі кейіпкерлерін жапсырамыз.

-Ертегіде бауырсақ қай кейіпкерге бірінші кездеседі?

- Қоянға.

-Дұрыс айтасыңдар, қоянға. Қоян туралы тақпақ кім біледі?

 

Тақпақты айтып болып, қоянды жапсырады.

-Балалар, қоянның сендерге бірнеше тапсырмасы бар екен. Дұрыс жауап берсеңдер, бауырсақты жемеймін дейді. Қоян қандай көкеністі жақсы көреді?

 

-Сәбіздің пішіні неге ұқсайды?

-Ендеше сыйқырлы сәбіздің тапсырмаларын орындайық:

1)Қазір жылдың қай мезгілі?

2)Күз айларын атаңдаршы.

3)Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Жарайсыңдар, балалар! Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Бауырсаққа орманда екінші қандай аң кездесті?

-Қасқыр туралы тақпақ кім біледі?

-Қасқырдың да тапсырмалары бар екен. Соны орындасаңдар бауырсақты жемеймін дейді. Орындаймыз ба?

-Иә, орындаймыз.

Ларчикті пайдаланамыз.

1)1-10-ға  дейін тура және кері санап беріңдерші.

-1,2,3,4,5.6,7,8,9,10                 10,9,8,7,6, 5,4,3,2,1.

2) Заттарды суретке байланысты сандарды сәйкестендіру.

-Қасқырдың да тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, өте керемет. Енді орманда келе жатқан бауырсақтың алдынан қандай қандай жануар кездесті?

-Аю туралы тақпақ кім айтады?

1)Мына кубиктің шетінде нелер орналасқан?

-Пішіндер орналасқан.

Әр топқа барып, кубикті лақтырғанда қандай пішін түседі соның фигурасын және түсін атайсыңдар.

Балалар геометриялық фигураларды және түстерін атайды.

2)Геометриялық пішіндерден әр түрлі заттар құрастыру керек.

Балалар әр түрлі фигураларды құрастырады.

-Міне балалар, аюдың да тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын:

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айғай-шу, ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, түлкі.

 Келесі сонда орманда бауырсаққа қандай аң кездескен екен? Ал түлкі туралы тақпақ кім айтады?

Ендеше түлкінің тапсырмасын орныдауға дайынбыз ба? Түлкінің тапсырмалары:

1Сергіту жаттығуы:(видио)

2)Мына берілген суретке қарап санына байл? Неше асық екенін айт?

 

-Біз «Бауырсақ» ертегісіндегі барлық аңдардың тапсырмаларын орындадық. Екі топтың да балалары өте белсенді және жақсы жауап бердіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

-Қоян

Мен қоянмын, қоянмын,

Сәбіз берсе тоямын,

Қасқыр көрсем қорқамын,

Бауырсақ көрсем жеп қоямын.

 

-Сәбізді.

-Ұшбұрышқа.

 

 

-Күз мезгілі.

 Қыркүйек, Қазан, Қараша.

-Төрт: күз, қыс, көктем, жаз.

 

 

 

 

 

 -Қасқыр кездесті. Аслан: Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ол ұлиды,

Ауылда малды ториды.

 

 

 

Берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

-Аю шығады.

Дінмұхаммед: Балпаң-балпаң басамын,

Алтын қырдан асамын,

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

Аюдың тапсырмалары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Түлкі.

Анеля

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой,

Жатып алып жағада,

Іздегені ду ғой.

Тапсырманы орындайды.

 

Сергіту жаттығуын өлең жолдарын қайталай отырып, қимыл-қозғалыспен жасайды.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

Балалар, бізге бүгін қай ертегінің кейіпкерлері келді?

-Қандай аңдар келді?

-Біздер оларға қандай тапсырмаларды көрсеттік?

 

-Енді бізге қандай кейіпкер келген жоқ?

 

Бауырсақ: -Балалар, мені аңдарға жегізбей көмектескендерің үшін көп рахмет. Енді менің сендерге сыйлығым бар. Сыйлығын таратады.

-Балалар, бауырсаққа не айту керекпіз?

-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?Ендеше мына смайликтер арқылы өздеріңді бағалаңдар.

 

-«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері келді. -Қоян, қасқыр, аю, түлкі.

-Санадық, пішіндерді атадық, әр түрлі заттарды құрастырдық, сергіту жаттығуын жасадық т.б. -Бауырсақ.

 

-Рахмет

-Жақсы. -Ұнады.

Балалар көңілді және көңілсіз смайликтерді «Менің көңіл-күйім» парвозындағы өз орнына қояды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білді .
Игерді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді және геометриялық пішіндерден әр- түрлі заттарды жасай білуді ұғынды.Меңгерді: ертегінің мазмұнын айта білуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст