Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздерме, апайлар.
Топқа Дымбілмес кіреді.
«Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендермен ойнайын деп келдім, қарным ашты, қазір алау жағып тамақ дайындайын. Жәндіктерді құртайын.
- Балалар, от жағуға бола ма?
- Болмайды!
- Онда құстарды атып ойнайын.
- Балалар, құстарды атуға бола ма?
- Болмайды!
Алау жағуға, құстарды атуға, қоқыс шашуға, суды ластауға болмайды!
Дымбілмес: балалар кешіріңіздер, мен енді түсіндім, табиғатты қорғап жүремін.
Дымбілмес: кешірім сұрап шығып кетеді.
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы
«Жәндіктер».
Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды).
Мына жәндіктер қалай аталады? (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)
Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? (Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады).
Жәндіктер туралы кім тақпақтар біледі?
Аслан :Балалар - ау, балалар!
Алаңқайға шығайық
Көктем тілін ұғайық
Құрт - құмырсқа, көбелек
Ұшып жүрген бөгелек
Ақерке:Инелік - ау, инелік
Қаша берме именіп
Түспей - ақ қой торыма
Қоншы келіп қолыма
Анықтап бір қарайын
Суретіңді салайын
Жұмбақтар шешу ( видио слайд )
1. Тоқыған ауы - шыбынның жауы
/Өрмекші/
2. Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар.
Үлкен бақырайған көздері бар. (инелік)
3. Бірі ағаш құралы
Бірі шырынды бал бұлағы . (Ара)
4.Қатар қатар қара нар
Аспанменен дара -дар,
Алды биік арты жар
Қалай ойлайсыңдар балалар? (Құмырсқа)
5.Шидім, шидім ,шидім құс
Ши басына қонған құс
Қар қаралы қонған құс
Хан басына қонған құс (Шыбын)
6.Гүл ұшып гүлге қонады
Гүл бақшам гүлге толады (Көбелек)
Балалар, қандай жәндіктерді білесіздер? (Көбелек, ара, инелік, шегіртке, құмырсқа
Балалар көбелектерді гүлдерге орналастырады)
Бұл, жәндіктердің қанаттары нешеу? (Екеу )
Көздері, мұртшалары нешеу? (Екеу)
Балалар, мен сіздерге қай санын көрсетсем, сіздер алдарыңыздағы гүлге сонша көбелектерді орналастырып жабыстрасыздар.
Көбелектерді санына қарай орналастырып жабыстыру.
Жарайсыңдар балалар енді ойын ойнағыларың келеме?
Ойынның аты «Кім тапқыр»
Шарты: Дыбысын тыңдап, қандай жәндік екенін тауып айтып бер.
Жарайсыңдар балалар ендеше шаршаған боларсыңдар бір серігіп алайық
Сергіту сәті:
Жәндіктердің бейнесін құрастыру. Ұжымдық топпен жұмыс екі командаға бөлініп
құрттың бейнесін құрастырып шығару.
Балалар, біздерге жәндіктердің пайдасы өте зор. Жәндіктердің адам денсаулығына тигізер маңызы өте жоғары.
Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар. Құмырсқадан амин қышқылын алады.
Көбелектің талшығынан жібек мата алады.
Балаларға балға жаңғақты араластырып тәжірибе түрінде көрсету.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек:жәндіктер туралы білуі
Болуы керек:есте сақтау қабілеті
Қолынан келуі: бейнелей, құрастыра білуі.